Қытайда Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-20» саммитіне қатысуына дайындық мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-20» саммитіне қатысуына дайындық мәселелері талқыланды

28.08.2016
Қытайда Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-20» саммитіне қатысуына дайындық мәселелері талқыланды

Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (министр орынбасары) Ли Хуэйлаймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын және ең жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Әсіресе, биыл қыркүйек айында өтетін Қазақстан Президентінің Қытайға сапары және «G-20» саммитіне қатысуына (4-5 қыркүйек, Ханчжоу қаласы) дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты саммитке шақыруын әлеуетті және өркендеген Қазақстан құрудағы Мемлекет басшысының ерекше рөлін мойындауы болып табылатынын атап өтті.

Жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» және Қытай бастамасы «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» тоғысуын іс жүзінде жүзеге асыру, екі ел жүзеге асыратын Индустрияландыру және инвестициялар бағдарламасына қатысатын кәсіпорындар үшін қолайлы жағдай туғызу және практикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын кеңейту бойынша байсалды пікір алмасу өтті.

Қазақстандық дипломат Қазақстан аумағында бірлесіп жүзеге асырып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың маңыздылығына тоқталды. Мысал ретінде Астанадағы жеңіл рельс жүйесінің (LRT) құрылысын атап көрсетті.

Қазақстан-Қытай жан-жақты стратегиялық әріптестік қарым-қатынасының жаңа кезеңіне ынтымақтастық пен ілгерілетудің оң динамикасын сақтап қалу мақсатында тұрақты саяси және мекемеаралық байланыстарды қолдау туралы уағдаластық орнатты.

Олар халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Осы орайда Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі және БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қабылдануы ескерілді.

Ли Хуэйлай бірлестік аясында одан әрі тығыз ынтымақтастыққа үміттенетінін білдірді. Қытай дипломаты сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолы экономикалық белдеуін ұштастыратын ЕАЭО қазіргі төрағасы ретіндегі Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті.

mklhjl

Ш. Нұрышев қытайлық дипломатқа жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты Қазақстанның халықаралық бастамаларын хабардар етті, сондай-ақ, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай 29 тамыз күні өтетін іс-шараға шақырды.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу