ЕОК басшысы Рио Олимпиадасына билеттерді заңсыз сатпақ болды деген күдікпен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕОК басшысы Рио Олимпиадасына билеттерді заңсыз сатпақ болды деген күдікпен ұсталды

18.08.2016
ЕОК басшысы Рио Олимпиадасына билеттерді заңсыз сатпақ болды деген күдікпен ұсталды

Бразилия полициясы Еуропа олимпиадалық комитетінің (ЕОК) басшысы Патрик Хиккиді Рио-де-Жанейро Олимпиадасына билет сатуда қитұрқылық жасады деген күдікпен тұтқындады.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 71 жастағы Хикки тәртіп сақшылары оның қонақ үйдегі нөміріне келгенде қашып кетпек болған.  ЕОК басшысы Олимпиада билеттерінің бағасын асырып сатты деп айыпталуда.

Сондай-ақ, БАҚ Хиккидің тұтқындалуы жақында ұсталған британдық «THG Sports» компаниясының директоры  Кевин Джеймс Мэллонмен байланысты деп отыр.

Мэллонды тінту барысында 800 билет табылған. Ол билеттерді заңсыз сатпақ болған.

interfax.ru

Хабарламаларға жазылу