Дизель отынының бағасы еркін нарықта литріне 115 теңгеден аспайды – ҚР Энергетика министрлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизель отынының бағасы еркін нарықта литріне 115 теңгеден аспайды – ҚР Энергетика министрлігі

28.07.2016
Дизель отынының бағасы еркін нарықта литріне 115 теңгеден аспайды – ҚР Энергетика министрлігі

Дизель отынының бөлшек сауда бағасы реттеуді алып тастағаннан кейін еркін нарықта литріне 115 теңгеден аспайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов министрлікте өткен кеңес барысында, -деп хабарлады Pm.kz.

«Бізде қолдану көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Әрине, мұндай жетіспеушілікті жабу үшін біз есептеп шықтық. Ресейдің көтерме бағасын есепке ала отырып,  салықсыз, дизель отынын әкеле аламыз және оны Ресей Федерациясынан жеткізетін компаниялар Қазақстанда олардың бағасын литріне 115 теңге деңгейінде қамтамасыз етуі керек. Біздің пайымдауымызша, қосымша жеткізу есебінен біз бірінші кезекте, Солтүстік Қазақстанның сұранысын қамтамасыз етеміз. Артық көлемдерді Қазақстанның басқа аймақтарына жібере аламыз, осылайша, күзде тапшылықтың алдын аламыз», - деп мәлімдеді энергетика вице-министр Әсет Мағауов.

Энергетика министрлігі елімізде әсіресе егін жинау науқанында  отын тапшылығының алдын алу мақсатында дизель отыны бағасын реттеуді алып тастауға бастамашы болды. Елімізде солярка бағасының төмен болуына байланысты отын Ресей мен Қырғызстанға үлкен ағынмен кетіп жатыр. Ол жақта дизель шамамен екі есе қымбат тұрады.

«Осындай реттеуден алып тастау жүргізу қажеттігі туындады деп есептейміз. Бұйрық жобасы біздің министрліктің сайтында орналасқан. Заңнамаға сәйкес ол 10 күн ішінде қоғамдық ұйымдармен талқылаудан өтуі тиіс», – деп түсіндірді вице-министр.

Хабарламаларға жазылу