Шығыс Қытайдың Фуцзянь провинциясында «Непартак» тайфунының салдарынан қаза тапқандардың саны 83 адамға жетті. Синьхуа агенттігінің мәліметінше, тағы 19 тұрғын із-түзсіз кеткендер қатарында.
Су тасқыны 6 қалаға жетіп, 506 мың тұрғын эвакуацияланды. 10 мыңға жуық тұрғын үй толығымен қираған.
Табиғат апаты 10 млрд. юнаь көлемінде экономикалық шығын әкелген. 20 мың гектар егін алқабы шайылып кеткен.
Билік 233 нысанның жұмысын толықтай тоқтатты.