3 маусымда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 маусымда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

03.06.2016
3 маусымда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі сақталады.

Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы  15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, түнде тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Хабарламаларға жазылу