Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының ХV отырысын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының ХV отырысын ашты

01.06.2016
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының ХV отырысын ашты

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында  Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығы ХV отырысының жұмысын ашты.

Бірінші кезекте ол былтыр өткен бесінші съезді қорытындылап, бұл жиынның табысты өткенін атап өтті.

Осы орайда Сенат төрағасы діни көшбасшылар, көптеген елдердің жоғары лауазымды тұлғалары Астанадағы форумға арнайы келгенін еске салды. Бұл тұрғыда Саммит әлемдік проблемаларды шешудің ортақ қадамдарын іздестіру үшін саясаткерлерге, діни көшбасшыларға тиімді тұғырнамаға айналды.

 «БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун былтыр маусым айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезіне келгенде атап өткендей, тынышсыз  кезеңде діни көшбасшылардың негізгі рөлі маңызды. Өз кезегінде олар ортақ проблемаларды шешу мен бейбітшілікке қол жеткізуде жалпы негізді ұсына отырып, қоғамдастықтарды біріктіру үшін діни байланыстырушы қызметін атқарады. Бұған діни билікті пайдалана отырып қол жеткізуге болады, яғни адамдарды жалпы құндылықтарды насихаттауға ынталандыру арқылы іске асыру мүмкіндігі бар»,-деді ол.

Атап айтқанда, хатшылық мүшелері қазіргі уақытта Дінаралық диалогқа үлесі үшін Астана халықаралық сыйылығы, құрметті медаль және Бейбітшілік және келісім мұражайы мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізуде.

Хабарламаларға жазылу