Ресей Экономикалық даму министрлігі шенеуніктер мен әскери қызметшілерге шетел әзірлеушілерінің мобильдік қосымшасы арқылы жұмысқа қатысты хаттармен алмасуға тыйым салуды ұсынады, деп хабарлады Gazeta.ru.
Gmail электрондық почтасы, сондай-ақ WhatsApp, Viber, Skype және Telegram мессенджерлеріне шектеу енгізілуі мүмкін екені атап өтіледі.
Басылым аталған министрлік ұсынысты ел Президенті В. Путинге жібергенін жазады.
2015 жылы мемқызметшілердің шетелдік сервистерді пайдалану мәселесіне Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушов назар аударған.
2015 жылғы қарашада Думаға шенеуіктер үшін бірқатар мессенджерлерге тыйым салу туралы заң жобасын енгізді.
ҚазАқпарат