30 мамырда «Таңшолпан» бағдарламасында балалар үйінің тәрбиеленушілері, үшемдер Лилия, Галина, Рамазан Грибинюктер тәрбиешілері Анар Амангелдіқызымен және балалар үйінің директоры Оразымбет Жансейітұлымен бірге қонақта болмақ.
Сонымен қатар, таңғы бағдарламаға тағы бір үшемдер Әлинұр, Ернұр, Жаннұр Құлымбаевтар аналары Әдемі Еркебайқызымен бірге және егіздер Балтабай Ғаббасұлы мен Балғабай Ғаббасұлы келмек.
Әнші Маржан Арапбаева да «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліспек.
Егіздер қалай туады? Сыңар мен егіздің айырмашылығы неде? Даңқты егіз футболшылар кімдер? Егіздерге қатысты ырым-тыйымдар, наным-сенімдерді білесіз бе?
Бір-бірінен аумайтын егіздер және бір-біріне ұқсамайтын егіздер, 40 жасқа дейін үш мәрте егіз туған ана туралы қызықты сюжетті де ертеңгі бағдарлама эфирінен тамашалай аласыздар.