Барак Обама АҚШ заңдарын аз ұлттарға тіл тигізетін сөздерден тазартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барак Обама АҚШ заңдарын аз ұлттарға тіл тигізетін сөздерден тазартты

22.05.2016
Барак Обама АҚШ заңдарын аз ұлттарға тіл тигізетін сөздерден тазартты

АҚШ Президенті Барак Обама Федералдық заңнамада «аз ұлттарға тіл тигізетін сөздерді», атап өткенде, «шығыстық», «зәңгі (негр)», «испантілді» және тағы басқа сөздерді жоятын заңға қол қойды, деп хабарлады «ABC News».

Бұл АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік қызмет құжаттарында кездескен саяси қателіктен туындаған заң мәтіндеріндегі сөздерден арылу үшін қабылданып отыр. 

«Шығыстық» түсінігіне федералдық заңнамада орын жоқ, бұл кемсітушілік бағытындағы атау ақыры тарихқа кететіні жақсы болды, - деді заң жобасы авторларының бірі. 

Ақпанда заң жобасын АҚШ өкілдер палатасы мақұлдаған болатын, 10 мамыр күні оған сенат бірауыздан дауыс берді. Президент қол қойған сәттен бастап акті заңдық күшіне енеді.

Хабарламаларға жазылу