Смартфонды күрте жеңіндегі сенсорлы экранмен басқаруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Смартфонды күрте жеңіндегі сенсорлы экранмен басқаруға болады

21.05.2016
Смартфонды күрте жеңіндегі сенсорлы экранмен басқаруға болады

 Levi's маркалы джинс киімдерін шығарумен танылған американдық Levi Strauss & Co компаниясы Google-мен бірігіп жеңі сенсорлы күрте шығарады.

Джинси күртенің жеңіне тоқ өткізетін жіптерден сенсорлық жабдықтар енгізіледі. Бұл тұста саусақпен басқанды жақсы сезетін бедерлі торша болады. Оны сезу арқылы ақпаратты қабылдайтын Bluetooth модулі және алынатын қораптағы қуат көзі батареясы бар чип орнатылады. Осылайша, пайдаланушы смартфонның кей функцияларын - қоңырауға жауап беру, медиаплеерді немесе навигаторды басқару үшін жеңнің беткі жағын пайдалана алады.

2016 жылдың күзінде Levi Strauss & Co куртканы бета-сынаудан өткізбек. Ал мұндай «ақылды» күртелерді сатылымға 2017 жылдың көктемінде шығару жоспарланып отыр. 

Хабарламаларға жазылу