Бүгін күллі мұсылман қауымы үшін Қасиетті Бәраат түні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін күллі мұсылман қауымы үшін Қасиетті Бәраат түні

21.05.2016
 Бүгін күллі мұсылман қауымы үшін Қасиетті Бәраат түні

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисте: «Шағбан - менің айым, Ережеп – Алланың айы, Рамазан – үмбетімнің айы», - деп осы айға да баса назар аударған. Хадистерде Алла елшісі (с.а.у.) Рамазан айынан кейін ең көп осы айда ораза ұстайтындығы айтылады.

Бәраат түні

Шағбан айының он бесінші түні – Бәраат түні. Бұл түнде адамның бір жылдағы ризық, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен періштелердің дайындайтындығы кейбір деректерде білдірілген.

Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені, осы түнде Алла көп адамның күнәсін кешірмек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Бәраат түнін ғибадат етіп өткізген.

Бәраат түнінің ерекшелігінің бірі – сол күні құбыланың Қудус мешітінен, Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл түні «жақсылық намазы» оқылады.

Ендеше осы түнді құлшылықпен өткізу дұғалардың қабыл болуына себеп.

 

Хабарламаларға жазылу