11 жастағы қазақстандық жазушы Маидэ Ақан Ұлыбританияны бағындырып жатыр. Күзде Лондонда оның мейірімді қыз Айсу және орман перісі туралы ертегісі басылып шығады, деп хабарлады «Экспресс К».
«Айсу және сиқырлы сөмке» сериясындағы алғашқы ертегінің шығуы EXPO-2017 халықаралық көрмесіне орайластырылды. Онда ақылды феяны кездестірген қыз туралы айтылады. Фея қызға адамдардың табиғатқа бейжай қарайтындығы туралы айтып, көмек сұраған. Айсу мен орманда мекен ететіндердің оқиғалары осылай басталды...
11 жастағы Маидэ Ақан қоршаған ортаны қорғау мәселесін өз кітабында ғана емес, өмірде де көтереді. Ол өз брендімен экологиялық сөмкелерді шығарады.