Елбасы Франция және Мысыр президенттеріне көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Франция және Мысыр президенттеріне көңіл айтты

20.05.2016
Елбасы Франция және Мысыр президенттеріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа және Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Әс-Сисиге көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта мысырлық авиакомпания ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ мысыр және француз халықтарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

Еске сала кетсек, бүгін Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі «EgyptAir» авиакомпаниясының А320 лайнерінің апатқа ұшырағанын растады. Ұшақ күндіз Парижден Каирге бет алған, Мысыр жағалауынан шамамен 280 шақырым жерде радардан жоғалып кетті.

Ұшақта 12 мемлекеттің азаматтары болған. Жолаушылардың жалпы саны - 56. Экипаж мүшелері сегіз немесе тоғыз болуы мүмкін деп хабарлануда.

Хабарламаларға жазылу