Нұрбол, Олжас, Нұрмұхамед, Нұрсұлтан - өз қатарларының алды. Сыныптастары оларды «Біздің жұлдыздар» деп атайды. Кішкентай күндерінен елдің алдына шығып өнер көрсетіп жүрген олар сахнаны жатырқау, көрерменнен қысылу дегенді мүлдем білмейді. Жетекшілері Сәкен Сариев төрт жылдан бері осы балаларды өнерге баулып жүр. Қазір жас балғындар Көңілді тапқырлар клубының мүшелері. «Жайдарман» ойындарының жеңімпаздары. Сондай-ақ, Ресейдің телевизиялық шоуларына да қатысып жүр.
Жас өнерпаздар кімдерге еліктейді? Олардың болашақ арман-мақсаттары қандай? «Айтуға оңайдың» «Жұлдыз деген кім?» тақырыбындағы хабарын көріңіз.