Серік Ибрагимов: Концерттерімнен соң белгілі бір уақытты халыққа арнаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Ибрагимов: Концерттерімнен соң белгілі бір уақытты халыққа арнаймын

18.05.2016
Серік Ибрагимов: Концерттерімнен соң белгілі бір уақытты халыққа арнаймын

Шаршау дегенді білмейтін, үнемі көңілді жүретін Серік Ибрагимов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. «Жуырда ғана гастрольдік сапармен Қызылорда облысын аралап, Маңғыстауда да концерт бердік. Алдағы уақытта бұл сапар Ақтөбе, Атырау, Орал және басқа да қалаларда жалғасын таппақ»,-дейді.

«Әншіні көтеретін де, түсіретін де халық деп жатады ғой. Мен концерттерімнен соң 1 сағаттай уақытты халыққа арнаймын. Өзім әр концертте халықпен емен-жарқын араласқанды құп көремін. Сондықтан, кеш соңында елмен суретке түсу немесе сұрақ-жауап ұйымдастырамыз»,-дейді әнші.

Серік Ибрагимовтің студияда орындаған «Қазақпыз бәріміз» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу