2008 жылғы Олимпиадаға қатысқан отызға жуық спортшыдан допинг табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2008 жылғы Олимпиадаға қатысқан отызға жуық спортшыдан допинг табылды

18.05.2016
2008 жылғы Олимпиадаға қатысқан отызға жуық спортшыдан допинг табылды

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) сегіз жыл бұрынғы 454  сынаманы жаңа ғылыми әдіспен тексерген соң осылай мәлімдеді. Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысуы мүмкін спортшылардың сынамалары ғана тексерілген.

Бірақ, қайсы елдердің атлеттерінің сынамасы жарамсыз болғаны әлі жария етілмеді.

ХОК Атқарушы комитеті спортшылары күдікке ілінген елдердің ұлттық Олимпиада комитеттерімен бірге тергеу жүргізуге қаулы етті. Егер спортшыларға қатысты күдік расталса онда Риода жарысқа қатысуларына тыйым салынады.

Сонымен бірге, ХОК 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы 250 допинг сынамасын қайта тексеруді ұсынды. 

Хабарламаларға жазылу