Ғалымжан Әуесбайдың Инстаграм парақшасында жариялаған видеолары аз уақыттың ішінде мыңдаған адамды таң қалдырды. Биік ғимараттың үстінде бірнеше орындыққа шығып, қауіпті акробатикалық трюктер жасау – ерлік. Бірақ ептілікті, шымырлық пен ұзақ дайындықты қажет ететін өнер екені рас.
«Мен әр жасайтын әрекетімді қашан 100 пайыз сенімді боламын, сол кезде ғана жүзеге асырамын. Өзімдегі қорқынышты жеңе алған кезде ғана түрлі трюктер жасаймын»,-дейді Ғалымжан Әуесбай.
Ғалымжан Әуесбай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында актер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Асанәлі Әшімовтің сүйікті шәкірттерінің бірі.
Сахнадағы қозғалыс пәнінің оқытушысы Ернар Тіленшиев шәкіртінің бір ерекшелігі – ержүректігі екенін айтады.
«Ол ештеңеден қорықпайды. Көп ойланбай, бірден істеп кетеді. Өте еңбекқор»,-дейді ол.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.