Үндістанда аптап ыстық салдарынан 500-ден астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда аптап ыстық салдарынан 500-ден астам адам қаза тапты

15.05.2016
 Үндістанда аптап ыстық салдарынан 500-ден астам адам қаза тапты

Үндістанның басым аумағында аптап ыстық орын алды. Ауыз судың жетіспеушілігі салдарынан  330 млн адам тұратын 256 округ зардап шегуде, деп жазды ТАСС.

«Жағдай оңтүстікте орналасқан Одишья, Теланган және Андхра-Прадеш штаттарында ушығып тұр. Мұнда соңғы екі аптада шамамен 500 адам мерт болды», - делінген хабарламада. Одишьяда бірнеше рет елдегі ең жоғары  температура байқалған. Мұнда сынап бағанасы  Цельсия бойынша +48 градусқа жеткен.

Аптап ыстық салдарынан  Одишьяда  198 адам, көршілес Теланганда 260 астам, Андхра-Прадеште 70-тен астам адам ажал құшты. Ғалымдар алдағы уақытта ыстық қайтпайтынын айтып отыр.

«Бұл жаз соңғы 100 жылдағы ең ыстығы болады, оңтүстіктегі ең жоғарғы температура 48 градустан асуы мүмкін», - деп санайды  Үндістанның метеорологиялық қызметінде.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу