31 мамырда Астанада экспресс-автобустарда электронды ақы төлеу жүйесі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31 мамырда Астанада экспресс-автобустарда электронды ақы төлеу жүйесі іске қосылады

14.05.2016
31 мамырда Астанада экспресс-автобустарда электронды ақы төлеу жүйесі іске қосылады

«Мамырдың 31-інен бастап экспресс және қаламаңы бағдарларында жүйені іске қосамыз. Жолаушылар картаны ешкімде де көрсетпейді. Картаны қондырғыға тақаған кезде жасыл жарық жанып, картаның жарамды екенін және жолақы алынғанын тіркейді», – деді С.Попов.

Оның айтуынша, электронды жүйе ақша ағындарының ашықтығын қамтамасыз етіп, жолаушылар тасымалының нақты статистикалық мәліметтерін жинауға көмектеседі. Осы арқылы жолаушылар тасымалына сұраныстың нақты уақыты қадағаланады. Яғни, Астанада қай нүктеден қай нүктеге дейін адамдар көп жүретінін анықтауға болады. Осының негізінде бағдар жүйесі өзгертіліп, жаңа бағдарлар енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, көліктің экспресс және қаламаңы бағдарларында электронды ақы төлеу карталарымен бір сағат көлемінде бірнеше автобуспен тегін жол жүруге болады. 

Хабарламаларға жазылу