«Балапан» телеарнасы жариялаған «Менің елім» байқауына жұмыстар қабылдау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы жариялаған «Менің елім» байқауына жұмыстар қабылдау жалғасуда

13.05.2016
«Балапан» телеарнасы  жариялаған «Менің елім» байқауына жұмыстар  қабылдау жалғасуда

Қылқаламды аламыз,

Түрлі сурет саламыз!

Достар, «Балапан» телеарнасы Балаларды қорғау күніне орай «Менің елім» тақырыбында республикалық сурет байқауын жариялайды. Сайысқа 6-8 жас аралығындағы  қылқалам шеберлері қатыса алады.

Байқау шарттары:

1)  Сурет форматы  А3 болуы қажет;

2)  Туындыны жиектемеге (рамка) салу керек;

3)  Автордың аты-жөнін, жасын, тұрғылықты жері және байланыс телефонын көрсеткен жөн.

Жұмыстар 25 сәуірден 25 мамырға дейін қабылданады.  Үздік суреттер Астана қаласында өтетін көрмеге қойылады.

Суреттеріңді «Қазпошта» арқылы мына мекенжайға жіберіңдер: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

Хабарламаларға жазылу