Талай оқырманның жүрек түкпірінен орын алған «Сәуірдің ақ таңы», «Қазбауыр бұлттар», «Сезім патшалығы», «Әйел шырағы», «Ғасыр нұры» туындыларының авторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Шәрбану Құмарова 80 жасқа толып отыр.
Мерейтойына орай қаламгер бүгін Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.
«Қартайған сайын адамның ой-арманы да ұлғаяды. Алдыңа емес, өткеніңе көп үңілесің. Оқырмандарыма 20-ға жуық прозалық кітап сыйлаған екенмін. «Халқыма қандай қызмет еттім, еліме не бердім?» деп ойланғанда өз-өзіме көңілім толады», дейді жазушы.
«Прототип дегенді ұнатпаймын. Ешкімнің портретін де сипаттаған емеспін. Кейіпкерлерімнің бәрі қиялдан туған».
Әйел болмысын шынайы етіп жеткізе білу үшін қаламгерге не қажет? Жазушының 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігіне қатысқанын, кейін оның әнін батыр Бауыржан Момышұлы тыңдағанын білесіз бе?
Сырлы сұхбатты «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.