Қазақ кәсіпкерлерінің құқықтары Ресейде де қорғалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ кәсіпкерлерінің құқықтары Ресейде де қорғалады

10.06.2016
Қазақ кәсіпкерлерінің құқықтары Ресейде де қорғалады

Ресей аумағында жұмыс істеп жүріп, түрлі қиыншылыққа тап болған қазақстандық кәсіпкерлерге енді, осы елдегі бизнес-омбудсмендер көмектеседі.

Осы ниетті қағаз жүзінде бекіту үшін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Мәскеу қаласына арнайы барып, ресейлік әріптестерімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Болат Палымбетов бүкіл Ресейден жиналған арнайы уәкілдермен кездесу өткізіп, Қазақстанда жақында ғана құрылған бизнес-омбудсмен институтының қызметі мен елімізде кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне қандай жағдай жасалғанын кеңінен баяндап берді. 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу