«Біздің атлеттеріміз лицензиялардың қажетті санын жинай алмады, Олимпиадаға толық құраммен бару үшін үш түр бойынша 6 лицензия алу тиіс болған. 22-24 сәуір күндері Ұлан-Батырда (Моңғолия) және 6-8 мамыр күндері Ыстамбұлда (Түркия) өткен екі соңғы кәсіби жарыс біздің құрамамыз үшін нәтижесіз аяқталды», - деп хабарлады федерациядан.
Грек-рим күресі: Алмат Кебіспаев, Досжан Қартықов, Нұрмахан Тінәлиев. Еркін күрес: Артас Санаа, Ғалымжан Өсербаев, Аслан Кахидзе, Мамед Ибрагимов, Дәулет Шабанбай. Әйелдер күресі: Жұлдыз Эшимова, Екатерина Ларионова, Эльмира Сыздықова, Гюзель Манюрова.
ҚазАқпарат