«Юбилейный» супермаркетінде өрт 46 пәтерге зиянын тигізді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Юбилейный» супермаркетінде өрт 46 пәтерге зиянын тигізді (ВИДЕО)

10.05.2016
«Юбилейный» супермаркетінде өрт 46 пәтерге зиянын тигізді (ВИДЕО)

Алматыда Абылай хан даңғылының бойында орналасқан «Юбилейный» супермаркеті өртенді. Төтенше жағдай болған жерге бірнеше өрт сөндіруші техника шықты. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, алдымен төменгі қабатта орналасқан жергілікті дәмханалардың бірі өртенген. Өрт Астана уақыты бойынша 04-50 минутта тұтанды. Оқиғаға байланысты таратылған мәліметтерді өрттің жалыны осы аймақта орналасқан Гоголь көшесіндегі 7 қабатты үйді шарпығандығы айталады.  Төтенше жағдай қызметінің өкілдері азаматтарды қауіпсіз аймаққа көшірді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу