Екі апта сайын әлемде бір халықтың тілі жойылады - БҰҰ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі апта сайын әлемде бір халықтың тілі жойылады - БҰҰ

10.05.2016
Екі апта сайын әлемде бір халықтың тілі жойылады - БҰҰ

Байырғы халықтардың тілдерінің жойылуы жалғасып келеді. Қолдағы деректерге сенсек, әр екі аптада бір байырғы халықтың тілі жойылады.

Форумда жария етілген баяндамалардың бірінде, қазір әлемде 6 700 тіл бар екендігі айтылған. Оның 96 пайызын әлем тұрғындарының үш пайызы ғана қолданады. Жойылу қаупі төнген тілдердің дені байырғы халықтарға тиесілі.
Зерттеу авторлары осы ғасырдың аяғында байырғы халықтардың көпшілігінің тілдері жойылып кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Сарапшылар осы мәселені шешуді ұсынады. Өйткені байырғы халықтардың тілі байланыс құралы ғана емес, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан кешенді білім жүйесі. Ол байырғы халықтардың болмысында, дүниетанымында басты рольге ие.
«Байырғы халықтардың тілінің жойылуы олардың өздерінің құрып кетуіне алып келеді», - делінген зерттеуде. Сарапшылардың ойынша, байырғы халықтардың жойылуы және олардың мәдениетінің құрып бара жатуы отарлау салдарынан болды. Сондай-ақ мәселені жаһандану мен басым түскен мәдениет пен тілдер ушықтыра түскен.

 

 

Хабарламаларға жазылу