Бүгін Жер ғаламшарының тұрғындары өте сирек астрономиялық құбылысты тамашалай алады. 100 жылда 13-14 рет қайталанатын оқиға бар болғаны жарты сағатқа созылады.
Меркурий планетасының Күн шарығы (дискісі) арқылы өтуі жергілікті уақытпен сағат 17:12-де басталып, 17:42-де аяқталады, деп жазады «НТВ».
Меркурий диаметрі Күндікінен 158 есе кіші әрі оған ең жақын ғаламшар. Осы жолы Күнді 58 млн шақырым қашықтықтан айналады.
Құбылысты қазақстандықтар ашық ауа райы жағдайында тамашалай алады.
Айта кетсек, биылғы жылы наурыз айының басында болған Күннің тұтылуын тек Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхитының солтүстік бөлігінің тұрғындары ғана бақылай алған еді.