Катарда жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасының» алғашқы кезеңі өтті. Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру жарысына 9 спортшы қатысты.
Қазақстандық Ольга Рыпакова бұл сайыста 14,61 метрге секіріп, қола медаль иеленді. Ал, 15,04 метрге секірген колумбиялық Катерин Ибаргуэн жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені венесуэлалық Улимар Рохас (14,92 метр) иеленді.
Жеңіл атлетика. Гауһар лигасы. Бірінші кезең. Доха (Катар). Үш қарғып секіру. Әйелдер. (9 қатысушы)
1. Катерин Ибаргуэн (Колумбия) — 15,04
2. Улимар Рохас (Венесуэла) — 14,92
3. Ольга Рыпакова (Қазақстан) — 14,61.