Канело - Головкин жекпе-жегін 17 қыркүйекте өткізуді ұсынамын - Джерри Джонс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канело - Головкин жекпе-жегін 17 қыркүйекте өткізуді ұсынамын - Джерри Джонс

06.05.2016
Канело - Головкин жекпе-жегін 17 қыркүйекте өткізуді ұсынамын - Джерри Джонс

ESPN хабарлағандай, «Даллас Ковбойз» НФЛ командасының иесі Джерри Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегін өткізу үшін ұсынуға дайын мерзімді анықтады, деп хабарлады Sports.kz.

Барша бокс сүйер қауым күткен жекпе-жек 17 қыркүйекте Арлингтонда (Техас) «AT&T Stadium» өтеді. Джонс бұл кездесу ең кемі 60 мың көрерменді жияды деген сенімде. 

Джерри Джонс Канело - Головкин жекпе-жегін ақпанда  «Даллас Ковбойз» аренасында өткізуді ұсынды. «AT&T Stadium» жалпы сыйымдылығы 80 мың көрерменді құрайды.

7 мамырда Канело британиялық боксшы Амир Ханмен айқасады. Жеңген жағдайда Головкинмен кездеседі. 

Хабарламаларға жазылу