Астаналық Қуат Ежембек бүгінгі дарынды жас ақындардың бірі. Тәуелсіз елдің өрені поэзиядан бөлек, проза, аударма және ертегі жазумен айналысады. Қазір қуыршақ театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет ететін қаламгер болашағын театр саласына арнағысы келетіндігін айтады.
«Театр – өмірімнің бір бөлшегіне айналды. Мамандығым - театртану. Кейде тіпті театрда қонатын кездерім болады. Театрды шын сүймеген адам, шынайы берілмеген адам сахнаға арнап, таза дүние тудыра алмайды»,-дейді ол.
Жас қаламгер Андерсен, Экзюпери, Гюго секілді классиктердің туындыларын тәржімалап, халық назарына ұсынып жүр.
Театрдан бөлек, ол композиторлармен байланыс орнатып, ән мәтіндерін де жазуды қолға алған. Бүгінге дейін 30-ға жуық джаз, эстрада жанрындағы туындыларды дүниеге әкелген.
Толығырақ - «Таңшолпанда».