Белгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев Алматыда Камиль Сен-Санстың үшінші скрипкалық концертін қояды.
Қазақконцерт залында 10 мамырда өтетін мəдени шараға Алматы симфониялық оркестрі қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, скрипка концертінің бірінші бөлімінде лирикалық туындылар, ал екінші бөлімінде оркестрге арналған динамикалық күрделі шығармалар ойналады.
Камиль Сен-Санс музыкасының білгірі Эмиль Бауман айтқандай, «Оркестрдің үндестігі ғажап. Концерт финалы күрделі əрі көпқырлы».
Сондай-ақ, атақты «Өлім биі» ойналады. Екінші бөлім атақты композитор Лерой Андерсонға арналмақ.