Таңғы жыр. «Көздеріңе ғашықпын...» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңғы жыр. «Көздеріңе ғашықпын...» (ВИДЕО)

29.04.2016
Таңғы жыр. «Көздеріңе ғашықпын...» (ВИДЕО)

Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген,

Сырласқанда арман атты тылсыммен.

Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,

Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.

 

Ғашық жанның басындағы хал бөлек,

Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.

Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам,

Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?!

 

Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман,

Мен тағдырдан басқа тілек сұраман.

Күн астында күмбірлесе күміс су,

Сенің күлкің естілгендей қуанам.

 

Өмір деген өте шығар өткінші,

Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші.

Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн,

Көздеріңе ғашық болып өтсінші.

Хабарламаларға жазылу