Н.Назарбаев: Қазақ жерін шетелдіктерге сату мәселесі талқыланбайды да - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Қазақ жерін шетелдіктерге сату мәселесі талқыланбайды да

26.04.2016
Н.Назарбаев: Қазақ жерін шетелдіктерге сату мәселесі талқыланбайды да

«Соңғы уақытта шетелдіктерге Қазақстанның жері сатылмақ деген жалған ақпараттардың үздіксіз жариялануынан жер мәселесіне қатты назар аударылып отыр. Бірнеше мәрте түсіндірілді, мен де бұл шындыққа сәйкес келмейтіндігін айттым. Тағы да бір мәрте айтқым келеді, ауыл шарушылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен компанияларға сату туралы мәселе тұрған жоқ және талқыланбайды да. Бұл тақырыптағы алыпқашпа сөздер негізсіз. Арандатушылар әшкереленіп, ел заңына сәйкес жазалануы тиіс», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, елімізде ауыл шаруашылығы жерлері жалға 10 жылға беріліп келген. Алайда, бұл аралықта аграрийлер салған қаржысын қайтарып ала алмайды. Сондықтан, жалға беру мерзімін 25 жылға дейін ұзарту шешімі қабылданған. Жалпы, мұндай тәжірибе барлық елдерде бар. Мәселен, Ресей 49 жылға, Біріккен Араб Әмірліктері 99 жылға, Еуропа елдері 25, 49, 99 жылға жерді жалға береді.

«Алаңға шығып шу шығарып жүргендер трактордан не болмаса аттан түсіп жетіп келгендер емес. Олардың ауыл шаруашылығы жайында түсінігі де жоқ, бұл жерлердің қайда екендігін де білмейді», - деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу