Фиш-терапия қант диабеті мен ішек ауруларын тежейді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фиш-терапия қант диабеті мен ішек ауруларын тежейді (ВИДЕО)

26.04.2016
Фиш-терапия қант диабеті мен ішек ауруларын тежейді (ВИДЕО)

«Дәрігер балықтармен» емдеу - қазіргі медицинада және Spa салондарда терапия ретінде қолданылатын тың әдіс.

«Гарра руфа» деп аталатын майда шабақтар құрғаған теріні, сондай-ақ, жараны емдейді. Сол арқылы өлі жасушаларды жаңартып, теріні қалпына келтіреді.

«Фиш-терапияны қабылдауға келетін адамдардың саны күн санап артып келеді. Әйелдер қауымы гарра руфаның көмегімен педикюр жасатса, кейбірі психологиялық тұрғыдан демалып қайтады. Мысалы, судағы балықтар қолмен ұстатпай, үркіп қашса, гарра руфа балықтары керісінше, сізге қарай ұмтылады», дейді  Spa салон қызметкері Тимур Азизұлы.

Терапияның бұл түрі өткен ғасырдың басында Түркияда пайда болған. Сонымен бірге, Малайзия мен Қытайда да кеңінен таралған. Ал, біздің елдің мамандары қолдана бастағанына 10 жылға жуықтады.

Дәрігерлер фиш-терапияның теріге ғана емес, ішкі ағзаға да пайдалы екенін айтады. Әсіресе, қант диабеті мен ішек ауруларын тежеуге ықпалы мол. 

Медицинадағы ерекше емдеу тәсілі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз. 

Хабарламаларға жазылу