Оразгүл Жұмағали: Қалқанша безі ауруларының 40 түрі болады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оразгүл Жұмағали: Қалқанша безі ауруларының 40 түрі болады (ВИДЕО)

03.05.2017

Бүгінгі  «Әйел бақытында» «Дертті жеңгендер» тақырыбы қозғалды.  Студияда тұрақты сарапшылар мен арнайы Алматыдан келген Аршагүл Тойбаева,  эндокринолог Оразгүл Жұмағали қонақта болып, ойларын ортаға салды.

«Эндокринологияда қалқанша безінің аурулары екінші орында. Ал, бірінші орында қант диабеті. Қалқанша безі ауруларының 40 түрі болады.  Егер қалқанша безінде кисталар болса, ол ешқашан жаман ауру болып кетпейді. Әйел адам  30 жасқа толғанда бірінші рет эндокринологқа көріну керек.  Бірақ, елімізде көп экологиялық факторлар болғандықтан, радиациясы бар жерлер де жетерлік сондықтан, ондай аймақта тұратын адамдар жылына 1 рет  қалқанша безін түсіріп, қаралу керек», -дейді дәрігер.

Хабарламаларға жазылу