«Балапан» телеарнасы «Менің елім» атты республикалық сурет байқауын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы «Менің елім» атты республикалық сурет байқауын жариялайды

25.04.2016
«Балапан» телеарнасы  «Менің елім» атты республикалық сурет байқауын жариялайды

«Балапан» телеарнасы Балаларды қорғау күніне орай «Менің елім» тақырыбында республикалық сурет байқауын жариялайды. Сайысқа 6-8 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Байқау шарттары:

1)  Сурет форматы  А3 болуы қажет;

2)  Туындыны жиектемеге (рамка) салу керек;

3)  Автордың аты-жөні, жасы, тұрғылықты жері және байланыс телефоны көрсетілуі тиіс.

Жұмыстар 25 мамырға дейін қабылданады.  Үздік суреттер Астана қаласында өтетін көрмеге қойылады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

Хабарламаларға жазылу