Үш тілде білім берудің тиімділігі ғылым арқылы дәлелденген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш тілде білім берудің тиімділігі ғылым арқылы дәлелденген

25.04.2016
Үш тілде білім берудің тиімділігі ғылым арқылы дәлелденген

• Астанада Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов испаниялық әріптесімен кездесті

• Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданына барып, мақта егу науқаны барысымен танысты

• Астанада Қазақ-Испан кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтті.

• «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаевтың жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

• Жер сатылмайды. Ауыл шаруашылығын пайдалануға арналған бос жатқан жерлерді дамыту мақсатында 25 жылға жалға беру қарастырылып жатыр.

• Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылында жергілікті кәсіпкер «Молокомат» деп аталатын қондырғы орнатты. Оған 100 литр пастерленген сүт құйылып, жергілікті тұрғындар қалағанынша сатып алады.

• Павлодарда омарташылар маусымы басталды.

• Үш тілде білім берудің тиімділігі ғылым арқылы дәлелденген.

• Банктерге борышы көптер тізімін Алматылықтар бастап тұр.

• Мәскеуде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Болашақ» қауымдастығының форумы өтті.

• Соғыс жылдарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қазақтың қайсар қыздарының бірі - Ақтөбе қаласында тұрады. Ажар Оразғалиева әйгілі Курск доғасында жауға қарсы соғысты.

• Алматы облысының өкілдері Үрімшіде бизнес форум ұйымдастырып, 2 млрд долларға инвестиция тарту үшін келісімшарт жасасты.

• Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері үшін Ресей нарығына жол ашылды.

• Ақмола облысы «Өрлеу» жобасы арқылы 324 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Биылдың өзінде аймақтағы 100-ге жуық отбасы бағдарламаның шарапатын көріпті.

Елімізде болып жатқан осы және өзге де жаңалықтарды бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Kaznews жаңалықтар қызметінің  кешкі шығарылымдарынан тамашалаңыздар.  

Хабарламаларға жазылу