Түркістандық оқытушы күн сәулесімен жүретін электромобиль құрастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық оқытушы күн сәулесімен жүретін электромобиль құрастырды

25.04.2016
Түркістандық оқытушы күн сәулесімен жүретін электромобиль құрастырды

Өнертапқыш тың туындысын тіпті EXPO-ға жібермек ойы бар екен. Халықаралық қазақ-түрік университетінде сабақ беретін ұстаздың құрастырған көлігі несімен ерек?

«Көшеде жүйіткіген шағын көлік көпшілік назарын өзіне еріксіз аударады. Өйткені айналасы тереземен қапталған машина күн көзімен қуат алатын қондырғы күшімен жүреді. Шағын болғандықтан, орнынан жылдам қозғалады. Сондықтан, оны кейбір көліктер қуып жете алмай қалады, - дейді өнертапқыш.

Ферхад Чайыр, өнертапқыш: «Бұрын да машина жасадық. Бірақ, мына автомобильдің технологиясын жақсы істедік. Тағы жаңадан құрастырсақ, ол бұдан да жақсы болады. Шағын көліктің ішкі салонында салқындатқыштан бастап барлық қондырғылар орнатылған. Тіпті артқы жағын көрсетіп тұратын мониторы да бар. Айналасына 8 бірдей күн көзінен қуат алатын қондырғы орнатылған. Олар батареяны қуаттайды. Көлік сол тоқтың күшімен жүреді. Ал астыңғы бөлігі мүлдем өзгеше. Қолынан іс келетін оқытушы қосалқы бөлшектерді Қытайдан алып келгенімен, өздері ықшамдап жасап шыққан. Машинаны құрастырғанда бірінші кезекте қауіпсіздік пен адамға ыңғайлы болуы жағын ойластырдық», - дейді ұстаз.

Ферхад Чайыр, өнертапқыш: - Табиғи экологиялық таза. 4 айда құрастырдық. Бұл машина мен бетон қарығыш EXPO-ға жасалған. Бензин жемейді. Тек күннен қуат алады. Оқытушы бұған дейін де бірнеше көлік құрастырған екен. «Алдыңғыларында жіберген қателігімді мұнда қайталамауға тырыстым», - дейді ол.

 

24.kz

Хабарламаларға жазылу