Франциядағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

24.04.2016
Франциядағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

23 сәуір күні Францияның солтүстігінде орналасқан Эр департаментіндегі тұрғын үйде жарылыс болды. Француз БАҚ-ның хабарлауынша, жарылыс газ шығуынан болған. 

BFMTV телеарнасы хабарлағандай, жарылыс салдарынан үш адам жарақат алып, біреуі үйінді астында қалған. Ал, тағы үш адамның жағдайы белгісіз.

Тұрғын үйдің 30 шақты тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында бірнеше құтқарушылар тобы мен төрт тікұшақ жұмыс істеуде. 

Хабарламаларға жазылу