Ақтөбе облысында жер үйде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жер үйде жарылыс болды

12.04.2021

Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты Ақжар аулындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан 7 адам зардап шеккен.

Жарылыстың жойқын болғаны соншалық баспананың бір бөлігі опырылып түскен. Шақырту орнына жедел түрде өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Әр түрлі жарақатпен 4 ересек адам мен 3 бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, барлығының жағдайы ауыр. Оқиғаға не себептен болғаны белгісіз. Дегенмен, төтенше жағдайлар қызметі үйдің ішінен 5 литрлік құтыда газ конденсаты сақталғанын анықтаған.

Жақсыбек Кемал

жарылыс Ақтөбе облысы

Хабарламаларға жазылу