«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы әуесқойлар арасында құзға шығудан жарыс ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы әуесқойлар арасында құзға шығудан жарыс ұйымдастырады

26.10.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы әуесқойлар арасында құзға шығудан жарыс ұйымдастырады

1 қарашада сағат 15:00-де Астана және Алматы қалаларындағы «MEGA» ойын-сауық кешенінде орналасқан «SCALA» жарға өрмелеуіштерінде әуесқойлар арасында құзға шығудан қызықты жарыс өтеді.

Арнайы электрондық хронометр жарысқа қатысушылардың ішінен үздігін анықтайды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

«Намыс дода» тележобасының аясындағы бұл жарыстың ұйымдастырушысы – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Айта кетейік, құзға шығу – әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған адамдар айналысатын ерекше спорт. Бұл экстремалдар мен биіктікті ұнататын адамдар үшін өз күшін сынап көретін сәт.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы қатысам деушілерді асыға күтеді.

Хабарламаларға жазылу