Ақтөбеде Венгрияның консулдығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Венгрияның консулдығы ашылды

21.04.2016
Ақтөбеде Венгрияның консулдығы ашылды

Кездесу  барысында тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. 

Өңір басшысы қазақтар мен венгрлықтардың арасында тарихи және мәдени байланыстардың бар екендігін атап өтті. Екі халық та кең далада тіршілік еткен. Соның салдарынан болар венгр тілінде түркі сөздері өте көп кездеседі. Осының өзі біздің халықтардың ежелден тату қарым-қатынаста болғандығын көрсетсе керек. 

Облыс әкімінің пікірінше, венгриялық делегация өкілдерінің келуі мен Шығыс Еуропадағы мемлекеттің Ақтөбеден консулдығын ашуы бір кездердегі жақсы-қарым қатынастарды одан әрі жандандыра түседі.     

«Әзірге біздің сауда-экономикалық байланыстарымыз  төмен деңгейде. Ақтөбе облысы мен Венгрия елінің  арасындағы тауар айналымы 10 миллион долларға жуықтайды. Алайда, біздің алдағы уақытқа жоспарлап отырған жоспарларымыз  жүзеге асса бұл көрсеткіштер еселеп артады. Оған Ақтөбеде ашылған Венгрияның консулдығының ықпалы зор болады деген ойдамын»,-деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Хабарламаларға жазылу