Ең үздік тележүргізушіні анықтайтын байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең үздік тележүргізушіні анықтайтын байқау жарияланды

21.04.2016
Ең үздік тележүргізушіні анықтайтын байқау жарияланды

«Қазақстан» РТРК» АҚ алдағы келе жатқан Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, үздік тележүргізушілер арасында байқау жариялады. Байқаудың мақсаты – еліміздің аймақтарында жұмыс істеп жатқан филиалдардағы қызметкерлердің еңбектерін елеп-ескеру. Үздік қызметкерлерге құрмет көрсетіп, еңбектерінің лайықты бағасын беру. Сол себепті аймақ қызметкерлері аталмыш шараға белсенді атсалысады деген үміттеміз.

Байқау екі кезеңнен тұрады. 1-ші кезең 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында өтеді. Бұл кезеңде әр аймақтың шығармашылық топтары (жаңалықтар мен бағдарламалардың жүргізушілері)  өз араларында жергілікті жерлерде  байқау ұйымдастырады.  Осы талаптар негізінде аймақтардағы байқаулардан озық шыққан үздіктер республикалық байқауда бақтарын сынауға мүмкіндік алады.

Екінші кезең 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтеді. Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы ең білікті маман, яғни, бас жүлде - Гран-при иегері анықталады.  Сонымен қатар, осы сында байқаудың  I,  II, III орын иегерлері де белгілі болады.  Жеңімпаз, жүлдегерлер «Қазақстан» РТРК» АҚ  басшылығының арнайы дайындаған дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Хабарламаларға жазылу