Бүгін БАҚ өкілдері арасында «Жасыл баспасөз» республикалық конкурсы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін БАҚ өкілдері арасында «Жасыл баспасөз» республикалық конкурсы басталды

20.04.2016
Бүгін БАҚ өкілдері арасында «Жасыл баспасөз» республикалық конкурсы  басталды

«Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясының» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ)  ЕО, БҰҰДБ және БҰҰ ЕЭК-тің «Жасыл» экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» бірлескен жобасы аясында «Жасыл» экономика тақырыбы бойынша БАҚ өкілдері арасында өтетін «Жасыл баспасөз» республикалық конкурсын бастады.

Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

  1. Үздік телесюжет және үздік телебағдарлама;
  2. Үздік ТВ және радио бағдарлама;
  3. Газетте жарияланған үздік мақала;
  4. Интернет-ресурстарда жарияланған үздік материал;
  5. «Жасыл блогер» - блог-платформалар мен әлеуметтік желілерде   #greenpress хэштегімен жарияланған үздік жазба.

Жұмыстарды 20 сәуір-20 қыркүйек аралығында greenkaz.kz@gmail.com.  мекенжайына жолдау қажет. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады. 

Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу