Еліміздегі 188 миллион гектар жайылым жердің тек 80 миллион гектары ғана пайдаланылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 188 миллион гектар жайылым жердің тек 80 миллион гектары ғана пайдаланылады

26.05.2016
Еліміздегі 188 миллион гектар жайылым жердің тек 80 миллион гектары ғана пайдаланылады
Қазақстанда жылына 11 миллионға жуық мал жайылымға шығарылады. Оның біреуінің тәуліктік азығы - 35 келі. Яғни, жарты жыл жайылған малға 6 тонна шөп керек. Ал, қазіргі көрсеткіш 4,6 тоннадан аспайды, яғни шөп дефициті - 30 пайыз.

Басты себеп - нақты заңнамалық реттеудің болмауында,- дейді депутаттар. 1 гектарға жайылатын мал санының нормалары нақты қадағаланбаған. Тіпті осымен айналысатын арнайы уәкілетті орган да айқындалмапты.

Сондықтан Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын ұсынып отыр. Оған сәйкес үш жақты келісім жасалады. Яғни жайылымдық жерді алғандар, оны міндетті түрде мақсатты пайдалануы тиіс.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу