Бұл шара ведомство бастамасымен ұйымдастырылған «Жаңа мүмкіндіктер» бағдарламасы аясында өтеді. Осы жайында баспасөз мәслихатында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.
«Бұл бағдарлама қоғамдастыққа шет мемлекеттермен ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы ақпарат беруге, Қазақстанның шетелдегі мекемесіндегі мүмкіндіктері мен рөлін белгілеуге бағытталған», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыстағы негізгі екпін бірінші кезекте инвестициялық және сауда-экономикалық серіктестікті дамыту жайында кеңінен ақпарат беруге қойылып отыр.
«Атап айтқанда, біздің тілшілерге шетелдермен ынтымақтастық туралы барынша толық әрі қызық ақпарат беруге ниеттіміз», - деді Ә. Жайнақов.
Бүгінгі бірінші баспасөз мәслихатын Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Бітімов өткізуде.
ҚазАқпарат