Мақпал Орымбаева декреттік демалыста отырған жас ана. Үлкен ұлы Бекарыс 4 жаста болса, қызы 2-де. «Мемлекеттік балабақшаға сенгендіктен, балаларымызды соған бергіміз келеді»,-деген ана кезектің жылжитын түрі жоғын айтады.
Қызының кезегі ерте келіп, тұңғышының кезегі мүлдем жылжымағанына Мақпал аң-таң. Осы арада маман кеңесіне құлақ түріңіз.
«Кезекті олар былайша қояды. Мысалы, желтоқсан айында дүниеге келген баланың кезегі 12050-ші болып тұрса, қаңтарда туған баланың кезегі осы рет бойынша 12051-ші болуы керек қой. Бірақ, олар өйтпейді. Кезекті жыл сайын жаңадан бастайды. Әрине, осыдан кейін кезек еш жылжымайды. Конституциямыздың 14-бабында заңның алдында бәрі бірдей делінген. Егер кімде-кім балабақша кезегінде осындай келеңсіздікке тап болса, сотқа жүгінуіне болады»,-дейді адвокат Тұрсын Төлегенқызы.
Кезек ерте келсін десеңіз, балаңыздың туу туралы куәлігі дайын болған бетте тізімге тіркелуге асығыңыз. Толығырақ