Онкологиялық аурулардың пайда болу себептері, емдеу жолдары жөнінде әңгіме өрбіткен онколог: «Халықаралық зерттеу орталықтарының ақпаратына жүгінсек, 2020 жылы бүгінгі көрсеткіш екі есе өседі деген қауіп бар. Оның негізгі себебі – халықтың орташа өмір сүру деңгейі ұлғайып бара жатқандығы.
Ал, обыр ауруы көбінесе, орта жастан асқан адамдарда кездеседі. Тағы бір себеп – айналамыздағы түрлі зиянды факторлар. Ол темекі шегу, ішімдік ішу және т.б. Не нәрсені болсын мөлшермен тұтынған абзал. Егер асып кетсе, зияны көп болады»,-дейді.
«Қазақстанда обырдан қайтыс болғандардың басым көпшілігі өкпе обырымен ауырған. Себебі, өкпе обырының диагнозын қою өте қиын. Жылда өтетін флюрография тексерісімен де өкпе обырын анықтау қиынға соғып жатады. Өйткені, ол тікелей обырды анықтайтын тәсіл емес»,-дейді Мұхтар Төлеутаев.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.