Энкефалин гормонының мөлшері төмен әйелдердің сүт безі обырына шалдығу қаупі жоғары - Journal of Clinical Oncology - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энкефалин гормонының мөлшері төмен әйелдердің сүт безі обырына шалдығу қаупі жоғары - Journal of Clinical Oncology

18.07.2015
Энкефалин гормонының мөлшері төмен әйелдердің сүт безі обырына шалдығу қаупі жоғары - Journal of Clinical Oncology

Әйелдердің қанындағы күйзеліске қарсы энкефалин гормонының мөлшері төмен болса, олардың сүт безі обырына шалдығу қаупі жоғары. 

Швецияның Лунд университетінің ғалымдары алғаш рет қандағы еркін айналымда жүретін гормонның сүт безі обырының асқынуына тигізетін әсерін анықтады.

Мамандар сүт безі обырына әсер ететін -  жас мөлшері, менопауза кезеңі, гормонды емдеулер және шылым шегу фокторларын есепке ала отырып, орташа жасы 57-ні құрайтын 2 мың әйелдің қанына зерттеу жүргізген.

Зерттеулер нәтижесі «бақыт гормондарының» мөлшері жоғары әйелдермен салыстырғанда, гормон мөлшері төмен деңгейдегі әйелдердің обыр дертіне шалдығу қаупі үш есе жоғары екенін көрсеткен.

Энкефалин бұл - қандағы ақуыз молекулаларының (нейропептид) әртүрлілігі. Ол адам бойында қуаныш сезімі мен жағымды эмоциялар тудыратын эндорфин гормонымен қосылады. Оны  «бақыт гормоны» деп те атайды.

Хабарламаларға жазылу