Үндістанда опера труппасы мінген автобус тереңдігі 76 метр болатын шатқалдан құлап, ең кемі 25 адам мерт болды, 11-інің жағдайы ауыр, деп жазады Би-би-си.
Автобуста 40 адам болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Автобус Орисса штатындағы жолда кілт бұрыла беріп, құлап кеткен.
Үндістанда жолдағы қауіпсіздік деңгейі өте төмен: жыл сайын он мыңдаған адам жылдамдықты асыру, трассалар жағдайының нашарлығы және автопарктың тозуы салдарынан қаза тауып жатады.
ҚазАқпарат