Чили астанасы Сантьяго қаласының 3 миллионға жуық тұрғыны Майпо өзені суының ластығынан ауызсусыз қалды. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады.
«Толассыз құйған нөсер жаңбыр Майпо өзенін лайлады, бұл келеңсіз жағдай 3 миллионға жуық адамның ауызсусыз қалуына ұрындырды», деп мәлімдеді Сантьяго губернаторы Клаудио Оррего.
Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, су беруді тоқтату кем дегенде бір тәулікке созылмақ.